Ақтөбеде 500 мың гектардан астам жерге шегірткеге қарсы өңдеу жүргізіледі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбенің оңтүстік аудандарында шегіртке дернәсілі анықталды. Улау жұмысы осы аптаның соңында басталады.

саранча
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы улау келер аптада басталуы мүмкін.

- Шегіртке оңтүстік аудандарында шығып жатыр. Бұл дәл уақыты. Әзірге қорқатын ештеңе жоқ. Улауға қажетті техника бар, бәрі дайын. Атап айтқанда, Шалқар, Ырғыз, Байғанин, Темір аудандарында енді-енді шығып жатыр. Әзірге ешқандай зиян келтірмейді. Осы аптаның аяғына таман өңдеуді бастаймыз. Бұл аудандарда итальяндық прус бар. Болжам бойынша 513 мың гектар өңделеді, - деді ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Асылхан Әбтиев.

Айта кетейік, былтыр Ақтөбе облысында 820 мың гектардан астам жер өңделді. Әсіресе Ресеймен шекаралас аудан ауылдарында дернәсілдер табылып, уланды. 

Соңғы жаңалықтар