Ақтөбеде 57 жастағы қала тұрғынын көлік қағып мерт қылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жаяу жүргінші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп, қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Ақтөбе қаласындағы Маресьев көшесінде болды. 32 жастағы жүргізуші әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті.

57 жастағы азамат алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Көлік жүргізушісі Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Аталған дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облыстық ПД жол қозғалысы ережелерін сақтауға және облыс жолдарындағы көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар