Ақтөбеде 600-дан астам нысанда «Ashyq» қосымшасы жұмыс істеп тұр

Қазіргі уақытта «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар қатарында фитнес және спорт клубтары, сауна, бассейн және СПА-салондар, театр, кинотеатр, бильярд, компьютер клубтары, лото-клубтар, балалар ойын - сауық орталығы, қоғамдық тамақтану объектісі және 208 ерікті қатысушы бар. Олардың арасына университет, кітапхана, кеңселер кіреді. Кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасованың айтуынша, QR-код алған 610 нысанның 424 - і тестілік режимнен өтіп, облыс әкімдігінің сайтында жарияланған. Соңғы 2 аптада келушілерді тіркемеген 27 нысан жобадан шығарылды.
«Ashyq» жобасына қатысушылардың көбі Ақтөбе қаласында. Олар - 483. Мұғалжар ауданында қосымша бойынша 35 нысан, Хромтау ауданында 22, Ойыл ауданында 20, Темірде 15, Шалқарда 13, Қобдада 7, Алғада 6, Байғанин және Мәртөкте 5, Әйтеке би, Ырғыз және Қарғалы аудандарында 3 нысан жұмыс істейді. «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер кеңес алу үшін Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына немесе оның аудандық филиалдарына жүгіне алады», - деп хабарлады ӨКП директоры Сұлупан Шынтасова.