Ақтөбеде 600 орынға мектеп ашылды

АҚТӨБЕ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде «Оңтүстік-Шығыс» шағынауданында 600 орынға арналған жаңа орта мектеп ашылды.
None
None

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жиылған қауымды №10 мектептің ашылуымен құттықтады. Жаңа мектеп заманауи талаптарға сай келеді.

Жаңа мектеп 836 млн. теңге мөлшеріндегі республикалық бюджет қаражатына салынды. Үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы 9000 шаршы метрді құрайды. Бұл жерде 180 орынға арналған асхана, спорт және акт залдары, оқу залымен жабдықталған кітапхана, шеберлік сыныптары, биология, химия, информатика және медиатека, сондай-ақ екі лингафон кабинеттері бар.

Оқу сыныптары заманауи талаптарға сай келеді, ұйымдастыру техникасымен және жиһазбен жабдықталған.

Мектептің ауласында жылыжай, үш спорт алаңы салынған.

Соңғы жаңалықтар