Ақтөбеде 7 бала қызылша жұқтырып, ем қабылдап жатыр
Ақтөбеде бірден 7 бала ауруханаға түсті. Бір-бірінен қызылша жұқтырған балалардың ешқайсысы екпе алмаған.
«Қызылшаға қарсы вакцина 1 жасында егіледі. Ауру жұқтырған екі бала медциналық көрсеткіш бойынша екпені кейінге шегерген, ал бесеуі 1 жасқа толмаған соң екпе алмады. Балалардың ата-аналары бір-бірімен таныс, араласады. Ауру бір-біріне жұғып, тарап кетті. Қазір балалардың жағдайы бірқалыпты. Ал екеуі ем қабылдап, үйлеріне жіберілді», - деді Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиева.
Айта кетейік, 2018 жылы Ақтөбеде қызылша ауруы тіркелмеген. Қазіргі уақытта арнайы штаб жұмысқа кірісті. Штаб құрамында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, дәрігер-инфекционистер бар. Олар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.