Ақтөбеде 75 жасар қолөнерші өз көрмесін ашты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Зейнетке шыққан шағында ұлттық өнерді кәсіп қылған 75 жастағы қолөнерші Елена Сахариева Ақтөбеде Наурыз мейрамы күндері өзінің алғашқы көрмесін ашты.
None
None

Ақтөбеліктердің назарына оюмен өрнектелген көрпе, сырмақ, алаша, қоржын, тағы басқа тұрмыстық бұйымдардың 80-ге жуық түрі ұсынылды.

Е.Сахариева мамандығы бойынша математика пәнінің мұғалімі. Зейнетке шыққаннан кейін жанына жақын, кішкентайынан анасынан көріп өскен іс - қолөнершілікпен айналыса бастады, еңбек пәнінің мұғалімдеріне университетте сабақ та беріп жүр. «Ою-өрнектерді ол өз ойынан шығарады, ал мен оған тігуге көмектесемін», - дейді қызы Гүлнәр Асқарова. Қызы екеуі үйде қазақ ұлтының тұрмыстық бұйымдарын тапсырыспен тігіп, талай қыздың жасауын жасасып жүр. «Тігу білетін тағы әйелдер болса, бізге келсе екен деймін. Нәпақа іздеп жүрген мүгедектер ниет білдірсе, тіпті тігуді өзім де үйретем», - дейді Г.Асқарова.

Соңғы жаңалықтар