Ақтөбеде 750 шақырымнан астам жол жөнделеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 752 шақырымнан астам жолды жөндеуге 32,3 млрд теңге жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жалпы сомасы 32,3 млрд теңгені құрайтын 201 жоба жүзеге асырылады.

Барлығы 752,7 шақырым автомобиль жолдары жөнделетін болса, оның 95,8 шақырымы облыстық, 512,4 шақырым аудандық, 144,5 шақырымы қалалар мен аудандардағы көшелер жолы.

Нәтижесінде жылдың қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 72 % құрауы керек.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мердігер мекемелерді анықтайтын Мемлекеттік сатып алу байқауларын сәуір айынан кешіктірмей аяқтауды тапсырды.

«Жол құрылысы басталуы тиіс уақытта барлық жоба бойынша мердігер мекеме анықталуы керек. Уақытты созбаңыздар. Сапа, түпкі нәтиже соған байланысты!»,- деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Сондай-ақ, материалдарды, оның ішінде битумды күні бұрын дайындауды тапсырды.

Жұмыстың сапасын қатаң әрі үнемі бақылап отыруды, сонымен қатар, проблемалық нысандарды уақытында аяқтауды жүктеді.

Соңғы жаңалықтар