17:32, 13 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ақтөбеде абайсыз адам өлтіріп алған аңшыға қатысты үкім шықты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Хромтау аудандық соты аңшылық кезінде абайсыздан адам өлтіріп алған М. Есімді азаматты бір жарым жылға бостандығынан айырды.
Қайғылы оқиға 2014 жылы 6 қыркүйекте, Хромтау ауданы Жусалы өзенінің маңында орын алған. М. есімді азамат «ВАЗ-2121» маркілі көлікпен тұрған жерінен қозғалғанда ұйықтауға арналған күркеде жатқан адамды басып кеткен. Жапа шегуші алған жарақаттардан көз жұмды. Сот анықтағандай, М. өзінің әрекеттерімен ҚР ҚК 296 бабы 2 бөлімінде қарастырылған қылмыс жасады.
Айыпкер өзіне тағылған кінәні ішінара мойындады. Жапа шеккеннің заңды өкілі айыпталушыға материалдық және моральдық сипатта кіна тақпайтынын айтты, тек бостандығынан айыру жазасын қолдануды сұрады.
Сот айыпталушының қылмысты абайсыздан жасағанын есепке алып, оны бір жарым жылға бостандығынан айырды. Сонымен қатар, ол 3 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енбеді.