Ақтөбеде адам бопсалаумен айналысқан студенттер ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM - Ақтөбеде адам бопсалаумен айналысқан студенттер тобы құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

адам бопсалау
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында облыс орталығының аумағында адам бопсалаумен айналысқан оқу орындары бірінің студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады.

Күдіктілер күш көрсетіп қорқытып, Ақтөбе қаласында колледж студентінен ірі көлемде ақша бопсалаған.

Күдіктілер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақшалай қаражатты алғаннан кейін ұсталды.

Адамдар тобы болып жасаған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Мұндай қылмыс үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар