Ақтөбеде адвокаттардың тергеу изоляторына кедергісіз кіруі талқыланды
Ақтөбе облыстық қылмыстық- атқару жүйесі департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесінде ҚАЖ департаментінің басшылығы, облыстық прокуратураның өкілдері және өңірдегі қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы, сондай - ақ тергеу изоляторының тергеу-қамауындағы күдіктілер мен айыпталушылардың адвокаттарынан құралған мониторинг тобы көшпелі кездесу ұйымдастырды.
Мұндағы мақсат - адвокаттардың қорғауындағы күдікті және айыпталушыларымен кедергісіз кездесуін ұйымдастыру. Мониторинг тобы көшпелі кездесуде адвокаттардың ҚАЖ мекемелерімен өзара іс-қимылы, тергеу- қамауына алынған және сотталғандардың құқықтық көмек алуына қатысты сұрақтарды талқылады. Сондай-ақ олардың конституциялық құқықтарын сақтау маңыздылығы жөніндегі мәселелерді қарастырды.
Адвокаттардың қорғауындағы азаматтармен кездесуін ұйымдастыру барысында туындауы мүмкін проблемалық сұрақтарды талқылап, оны шешуге бағытталған нақты ұсыныстар қабылданды.
Қазірде Ақтөбедегі КА-168/1 тергеу изоляторында адвокаттардың қорғауындағы азаматтармен кездесуі үшін арнайы бөлмелер қарастырылған. Бұдан басқа, мекемеде онлайн режимде заңгер көмегіне жүгінуге мүмкіндік бар.