Ақтөбеде әкесі мен інісін пышақтап өлтірген қылмыскер сотталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әкесі мен інісін бір түнде пышақтап өлтірген Медет Тапаев 22 жылға бос бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе қаласының 39 жастағы тұрғыны Медет Тапаев мас күйінде әкесі мен інісін өлтіргенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз . Ол өзін көсеумен ұрған әкесі Серік Тапаевты бірнеше рет пышақтап, араша түспек болған Манас Тапаевқа да пышақ ала жүгірген. Інісін алдымен пышақтап, кейін басын шәйнекпен ұрып, мерт қылады. Мұның бәрі анасының, қарындасының, келінінің көз алдында болады. Кеше Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Медет Тапаев соңғы сөзін айтты.  Ол мемлекеттік айыптаушы сұраған 23 жылдың өте көп екенін, қазір жүрегі ауырып, демікпе дертіне шалдыққанын алға тартты. Ақтөбе қаласындағы саяжайлардың бірінде болған қылмыстық оқиғаға бүгін нүкте қойылды. Сот үкімі оқылды.

«Медет Тапаев Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 22 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын төтенше қауіпті тәртіптегі түзету мекемесінде өтеп, мәжбүрлі түрде ішімдіктен емделсін»,- деді судья Алтынбек Сабыров.
Сонымен қатар, сотталушы Медет Тапаев мемлекетке 1 миллион теңгеден астам материалдық шығынды өтеуі тиіс. Ал жәбірленуші, Медет Тапаевтың анасы ұлынан моральдық, материалдық шығынды талап еткен жоқ. Әрі сотталушының ешқандай мүлкі жоқ болмағандықтан тәркілеу жүргізілмейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар