Ақтөбеде ақтүтек боранда жолда қалғандар құтқарылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде боран кезінде жолдар жабылып, көліктер қар құрсауында қалды. Құтқарушыларға барлық бағыттан шақыру түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

22 қаңтар күні сағат 17:15-де төтенше жағдайлар қызметіне алғашқы қоңырау түсті. Ақтөбе - Орск тасжолында 21 жеңіл көлік қар құрсауында қалды. Эвакуация жұмыстарына төтенше жағдайлар басқармасынан 3 қызметкер мен 1 техника жіберілді. Жолға жауапты мердігерлер де бар. Сағат 18: 50-де автокөліктер жолаушыларымен бірге шығарылып, Қарғалы ауданының Батамша аудандық орталығына жеткізілді.

«Қосестек ауылы маңында 40 автокөлік тұрып қалған. Барлығы 100 жолаушы мектеп пен дәмханаға орналастырылды. Сонымен қатар, ауа райының нашарлауына байланысты Әлімбет орта мектебіне ресейліктер жеткізілді. Ал Ақтөбе - Атырау тасжолының Мұғалжар ауданы аумағында 70 автокөлік қар құрсауында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлығы 54 автокөлік шығарылып, 165 адам, оның ішінде 28 бала эвакуацияланды. Олар жарыстан келе жатқан болуы мүмкін. Шалқар ауданының Бозой, Талдық, Шетырғыз ауылдарында да құтқару жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Самара - Шымкент тасжолының Хромтау ауданы маңында Қызғызстан азаматтарына көмек берілді.


«Самара - Шымкент тасжолының Ойыл ауылы маңында 2 ГАЗель автокөлігі қар құрсауында қалып қойғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына техника мен құтқарушылар жіберілді. Нәтижесінде 23 адам қауіпсіз жерге, яғни, Ойыл кентіне көшірілді. Жалпы түнде 58 көлік қардан шығарылып, 172 адам құтқарылды. Ал, 113 адам жылыту пунктеріне эвакуацияланды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.





Соңғы жаңалықтар