Ақтөбеде әлеуметтік желіде қызбен танысып, зорлық көрсеткен жігіт сотталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе қаласында әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған қызбен танысып, оған зорлық көрсетті деп айыпталған Әділбек Айдаров 10 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде әлеуметтік желіде қызбен танысып, зорлық көрсеткен жігіт сотталды

Ақтөбе қаласында оқиға үстіміздегі жылдың тамыз айында болған. Әлеуметтік желі арқылы танысып, кездескен жігіт пен қыздың оқиғасы қылмыстық іспен аяқталды.

Іс материалдарына сүйенсек, 20 жастағы сотталушы әлеуметтік желі арқылы кәмелет жасқа толмаған қызбен танысқан. Кейін кездесіп, күш қолдану арқылы зорлық көрсеткен.

Сот үкімімен Әділбек Айдаров қыздың дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынасқа түсті деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіптілігі жоғары түзету мекемесінде өтейді. Сотталушы жәбірленушіге 1 миллион теңге моральдық шығын төлейді. Сонымен қатар, ол 300 мың теңгеден астам сот шығынын өтеуі тиіс.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.