Ақтөбеде алғашқы аквапарк ашылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбенің орталық саябағы маңында алғашқы аквапарк ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе қаласының орталығында отбасылық демалыс орны ашылды. Аквапаркте үш бассейн бар. Балалар мен жасөспірімдер, ересектер жаздың ыстығында тынығып, бос уақытын тиімді өткізе алады.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым балаларға көңіл бөліп, олардың білімі мен демалысын тиімді ұйымдастырып отыр. Биыл Ақтөбеде Балалар жылы жарияланды. Астана күніне орай, «Бақытты бала» жобасы аясында авкапарк іске қосылды. Бір жыл бұрын инвесторға ұсыныс жасап, демалыс орнын салу жөнінде айтқан едік. Бұл балалардың демалысы үшін ең жақсы орын болады», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
null

Айта кетейік, аквапарк қысы-жазы жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, бұл аумақта 15 қабатты қонақүй салынады. Жоба құны - 12 миллиард теңге. Бүгін аквапарктің ашылуы кезінде әлеуметтік жағдайы төмен, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға 5 рет тегін кіруге мүмкіндік беретін арнайы сертификат тапсырылды. Ал өзге тұрғындар үшін бұл қызмет 5 мың теңге болады. 7 жасқа толмаған балалар тегін демалады. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар