Ақтөбеде әлі де 17 ауылда жарық жоқ

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында боранды күні бағалар құлап, сым үзілді. Қазіргі кезде 17 ауыл халқы жарықсыз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында бірнеше ауыл әлі де жарықсыз отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев айтты.

«17 елдімекенде жарық жоқ. Атап айтар болсақ, Әйтеке би ауданында 1, Қобдада 1, Мәртөкте 5, Хромтауда 5, Ырғызда 3, Шалқар ауданында 2 ауылға электр тогы әлі берілмеді. Бригадалар жұмыс істеп жатыр. Бұдан бөлек желілерді қарап, қандай да бір қосымша ақау бар-жоғын тексеруге алды. Қалпына келтіру жұмыстарын неге ұзап кетті дегенге келер болсақ, жол нашар. Көлік жете алмай, батып қалып жатыр. Әсіресе Хромтау ауданында. Онда көршілес Қарғалы ауданы мен Ақтөбе қаласынан бригада барып, көмектесті. Бағаналар құлап, сым үзілген. Құлаған бағананы қайта орнату үшін кранмен барады. Мәртөк, Қобда, Хромтау аудандары бойынша бүгін кешке дейін бітіруге күш салады»,- деді Нұрберген Бекеев.

Бұл ауылдарда әлеуметтік маңызы бар нысандарға генератор қосылған.

Айта кетейік, 14 сәуірден бастап облыстық аудандарында бағаналар құлап, сым үзілген. Барлығы 7 ауданда ондаған ауыл халқы жарықсыз қалды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрберген Бекеевтің айтуынша, жалпы облыс бойынша электр желісінің 74 % тозған.


Соңғы жаңалықтар