Ақтөбеде алимент төлемейтін әкелер көбейді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде кейбір борышкер әкенің берешегі 2 миллион теңгеден асқан. Облыс орталығында тұратын 700 борышкерге ел аумағынан шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде мемлекеттік және жеке меншік сот орындаушылары борышкерлермен күресті күшейтті. Қазір облыс бойынша 8 мыңнан астам борышкер бар. Оның 700-і ел аумағынан шыға алмайды.

«Борышкер әкелердің тізімі жасалып, облыстық әділет департаментінің арнайы сайтына салынды. Олардың жасы әртүрлі. Баласына берешек әкелердің ең жасы 21-де болса, үлкені 55 жаста. Борышкерлердің көбі жұмыс істемейді. Оларды жұмыспен қамту орталығына жібереміз, баласына берешек ер адамдар ол жерге бармайды, жұмысқа орналасуға немқұрайлы»,- деді сот Нұржәмила Төлеуова. Борышкерлер жұмыспен қамту орталығына барғанымен, кейде олардың мамандықтары сұранысқа сай болмай шығады. Сот орындаушылары күрес жұмыстары кезінде борышкерлердің тізімі мен олардың суретін қоғамдық көліктерге де іліп қойды. Барлығы 200 әке әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Соңғы жаңалықтар