Ақтөбеде ана мен бала денсаулығын сақтау мақсатында жаңа пансионат ашылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығы базасында «Салауатты ана» пансионаты өз жұмысын бастады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

нәресте, ана мен бала, аңсаған сәби, перзентхана
Фото: СҚО әкімдігі

Пансионаттың мақсаты – ана мен баланың денсаулығын сақтау, сондай-ақ облыстың алыс және қолжетімсіз аудандарында тұратын жүкті әйелдерде болуы мүмкін асқынулардың алдын алу.

Министрліктің мәліметінше, пансионатта 10 төсек-орын қарастырылған және жүктілік кезінде асқыну қаупі жоғары әйелдерді алдын ала ауруханаға жатқызуға арналған. Әйелдер босану уақытына дейін тәулік бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болады. Қызмет толықтай тегін көрсетіледі. Пансионатта жатқан кезеңде жүкті әйелдерге күнделікті кешенді медициналық тексеру жүргізіледі.

Егер қандай да бір ауытқулар, асқынулар белгілері немесе босану процесінің басталуы байқалса, науқасқа жедел түрде білікті арнайы көмек көрсетіледі.

Пансионаттың ашылуы мыналарға мүмкіндік береді:

• уақтылы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге; • жүктілік асқынуларын ерте диагностикалауға;

• қажетті медициналық шешімдерді жедел қабылдауға;

• ана мен бала өміріне қауіпті жағдайлардың алдын алуға.

Елімізде ана мен бала денсаулығын жақсарту үшін қандай жұмыс атқарылатынын мына сілтемеден оқыңыз.

Соңғы жаңалықтар