Ақтөбеде Ана үйінің тұрғындары кәсіпкерлік әліппесін үйренді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Кәсіпкер ана» жобасы аясында Ана үйінде бір күндік семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде Ана үйінің тұрғындары кәсіпкерлік әліппесін үйренді

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бизнес негіздері, жеке кәсіпкер болу, тауар сату жолдарын үйретті. Бизнес тренер Нұргүл Аханова, қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Диана Жұмабаева мемлекеттік бағдарлама, несиелендіру жолдарын айтты.
«Қиын жағдайға тап болған әйелдер бос уақытын тиімді пайдаланып, жаңа идеяларын іске асыруға мүмкіндік алды. Біз жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз. Бала күтімімен қатар кәсіпкерлікті дамытуға болатынын үйретеміз. «Бизнес мектеп«, «Бастау« жобалары арқылы мемлекеттік грант иелене алады»,- деді Диана Жұмабаева.
Бизнес-тренер Қайыржан Таңатаров SMM, тауар сату, әлеуметтік желімен жұмыс жайын түсіндірді.
«Қазір Ана үйінде 7 әйел тұрады. Бизнес-тренерлер қолөнер бұйымын жасау, киім тігу, кондитер өнімін пісіру жолдарын үйретті. Мұнда аналарды әлеуметтік бейімдеу үшін тігін машинасы мен компьютер сыныбы бар. Төсек жинағын, балаларға ұлттық киім мен көрпе тігуді меңгерген», - деді Ана үйінің үйлестірушісі Меруерт Ахметжанова.
Айта кетейік, Ақтөбедегі филиал 6 жылда 163 бала мен анаға қамқор болды.