Ақтөбеде «Анди» тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталып қалды

ТӨБЕ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе қаласының шетіндегі Қурайлы ауылдық округінде «Анди» ЖШС тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталып қалды. Индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан жоба 28 желтоқсанға қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде.
None
None

Жобаның құны 735 млн. теңге. Ферма жұмысы негізінен мал шаруашылығын дамыту, салаға жаңа технологиялар енгізу, сүт өнімін сату мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады.

Барлық жұмыстар кестеге сай жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар