15:45, 22 Маусым 2016 | GMT +5
Ақтөбеде «Арлан» арнайы бөлімшесі командирінің орынбасары тұтқындалды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімше командирінің орынбасары Кенжеғали Бүркітов ҚР ҚК 361-бабының 4-бөлімі бойынша қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін күдікті ретінде тұтқындалды.

«Ақтөбе қаласы №2 сотының 18 маусымдағы қаулысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жолдаған қолдаухат қанағаттандырылды. К. Бүркітовке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы тағайындалды», - деп атап өтті облыстық соттың баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Анар Айтжанова.
К. Бүркітовке 2013-2016 жылдары облыстың кен орнынан мұнай ұрлығын жасырып, жауып келді деген күдік тағылып отыр. «Арландықтар» ұрланған мұнайды кедергісіз өткізуді қамтамасыз етуге жәрдемдесуге тиіс болған.
К. Бүркітов кінәсін мойндамады.