Ақтөбеде арызданушы бітімгершілік жолмен 1 млн. теңгеге жуық қарызын қайтарып алатын болды
Сот отырысының барысында талапкер А.Сағиданов «ALMALI LTD» ЖШС-де жеке автокөлігін пайдаланғаны үшін 15 мың теңге көлемінде төлемақы және сауда өкілі болып жұмыс жасағаны үшін 60 мың теңге көлемінде жалақы алуы тиістігі анықталған. Жұмыс беруші талапкерге 720 мың теңге көлемінде қарыз болған.
2015 жылдың маусым айында талапкер ЖШС-мен келісім-шартын бұзған. Алайда, есептесу мен 200 мың теңге көлемінде пайдаланбаған еңбек демалысы үшін екі жылдық өтемақы төленбеген. Сондықтан, өз құқықтарын қорғау мақсатында талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Сот тараптардың бітімгершілік келісімге келуіне байланысты азаматтық істі келесі шарт бойынша өндірістен қысқартты: яғни, жауапкер «ALMALI LTD» ЖШС 720 мың теңге көлемінде жалақы мөлшері мен 200 мың теңге көлемінде пайдаланбаған еңбек демалысы үшін өтемақыны төлеуге міндеттенді, ал талапкер өз кезегінде талап арыздан бас тартты.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.