17:49, 05 Маусым 2016 | GMT +5
Ақтөбеде атыс болды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қала тұрғындарына лаңкестікке қарсы операция жүргізілуіне байланысты үйден шықпауға және көшеде жүрмеуге өтініш жасалды.

Куәгерлердің мәліметтері бойынша Ақтөбеде қаланың ескі бөлігіндегі «Пантера» және 5-ші «Паллада» шағынауданындағы екі қару-жарақ дүкені тоналды. Полиция мен қылмыскерлер арасында атыс болған, зардап шеккендер бар.
Облыстық ІІД әзірге ресми түсіндірме берген жоқ.