Ақтөбеде әуежайдың ұшу-қону жолағындағы плиталар ауыстырылады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Әуежайдағы жолақта барлығы 1200 плита ауыстырылады.

Ақтөбеде әуежайдың ұшу-қону жолағындағы плиталар ауыстырылады
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Есет Аманбаевтың айтуынша, жұмыс биыл атқарылады. 

- Әуежайдың ұшу-қону жолына жыл сайын жөндеу жасалып жатыр. Биыл 1200 плита ауыстырылады. Оған облыстық бюджеттен қаржы қарастырылды. Бұл әуежай 6 айдың ішінде 532 мың жолаушыға қызмет көрсетті. Өткен жылға қарағанда 5% артып отыр. Жалпы әуежай 10 бағытта рейс орындайды. Алтауы ішкі. Олар: Алматы, Астана, Атырау, Түркістан, Ақтау, Шымкент қалалары. Төртеуі халықаралық,- деді Есет Аманбаев. Айта кетейік, әуежайдағы плиталарды ауыстыруға 500 млн теңге қарастырылған. 

Еске салсақ, 2022 жылы Ақтөбедегі халықаралық әуежайды комиссия тексеріп, ұшу-қону алаңындағы бірнеше кемшілікті анықтады. Алдымен 10 күнге жабылатынын хабарлап, кейін жұмысын қайта жандандырды.

Содан бері жөндеу жұмысы кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар