Ақтөбеде ауылдарды сақтап қалу үшін 41 мектеп салу жоспарланып отыр

жаңа мектеп
Фото: Валерий Бугаев

2028 жылға дейін Ақтөбе облысындағы елді мекендерде 41 мектеп салынбақ. Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан өңірлік коммникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Ақтөбе облысында 400-ден астам мектеп бар. Бұл ретте тіпті, халқы 15-20-дан аспайтын, мектеп жасындағы 5-6 ғана баласы бар елді мекендер де ұмыт қалған жоқ. Оларға мектеп салу үшін үш жылдық жоспар әзірленді.

- Ақтөбедегі 60 елді мекенде мектеп жоқ. Ол жердегі тұрғындардың балалары интернатқа жатқызылады, жақын маңдағы ауылдарға тасымалданады. Ол елді мекенде тұрғындар саны 15-30 болады. 5-6 бала болса, мектеп аша алмаймыз, олар көрші ауылдарға қатынап оқиды. Дегенмен біз ауылды сақтап қалу үшін алдағы уақытта 41 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Ауыл халқы ауыл шаруашылығын дамытып, ел дамуына үлес қосып отыр. Сол себепті біз де олардың балаларына білім алуға жағдай жасауымыз керек. Білім сапасымен қатар қолжетімділікті де ұмытпауымыз қажет. Біз үш кезеңге бөлдік. 2028 жылы бұл жұмыс аяқталады деп жоспарлаймыз»,- деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Жалпы Ақтөбе облысы бойынша «Жайлы мектеп» жобасы аясында 18 мектеп салынады. Оның 14-і облыс орталығында.

Соңғы жаңалықтар
telegram