Ақтөбеде автобус аударылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 22 жолаушысы бар автобус аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде автобус аударылды

Ақтөбе – Алға тасжолында жолаушылар көлігі аударылып қалды.

«Оқиға бүгін сағат 17:00-де болды. Ақтөбеден Алғаға бет алған автобус тайып кетіп, жол жиегіне аударылып қалған. Сол кезде жолда кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері көмек көрсетіп, жолаушыларды эвакуациялады. Бәрін Алға қаласына жеткізді. Автобус салонында 22 жолаушы болған. Бәрі дін аман», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.