Ақтөбеде автобус жүргізушісі жаяу жүргінші жолында адам қақты

АҚТӨБЕ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Некрасов және Жүргенов көшелерінің қиылысында 34 жастағы автобус жүргізушісі 22 жастағы қызды қағып, ол оқиға орнында жан тапсырды.
None
None

ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, қоғамдық көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өтетін арнайы жолдан өтпекші болған бөйжеткенге жол бермеген.

ЖКО орын алуына айыпты жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішпегені белгілі болды. Аталған факті бойынша, қылмыстық іс қозғалып сараптамалар белгіленді, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде Ақтөбенің полицейлері автобус жүргізушілерінің жолда жүру ережесін 712 рет бұзғанын анықтады.

Соңғы жаңалықтар