Ақтөбеде автобустың есігі ашық қалып, бір жолаушы құлап кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қоғамдық көлік жүргізушісі жол ережесін сақтамай, автобус есігін ашық қалдырған. Кілт қозғалған кезде бір жолаушы құлап түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысының полиция департаменті қаладағы Әбілқайыр хан даңғылы бойында жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлады. № 11 бағытындағы «Паз» маркалы автобусы Ә. Молдағұлова даңғылынан Сәтпаев көшесіне қарай жүріп, қоғамдық көлік есігін жаппаған. Салдарынан бір жолаушы құлап қалды.

«Жолаушы Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтауға және сақ болу қажеттілігі туралы ескертеді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


фото: ktk.kz
Соңғы жаңалықтар