Ақтөбеде әйел екі баласын өлтірді деген күдікке ілікті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеде екі баланың денесі табылды. Қазір олардың анасы ұсталып, қамалды.

убийство ребенка
Фото: pixabay.com

Қылмыстық оқиға Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында тіркелді. Полиция екі баланың мерт болғанын анықтады. Алдын ала белгілі болғаны, босанған ана күйзеліске ұшыраған.

— Олардың өліміне күдікті ретінде анасы, Атырау облысының тұрғыны ұсталды. Әйел босанғаннан кейін күйзелісте болған. Қылмыстық іс қозғалып, әйел уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу полиция бастығының бақылауында, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Балалар 3 жаста және 11 айлық болған. Әйелдің Атыраудан Қандыағашқа қонаққа келгені белгілі.

Еске салсақ, Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды. Барлығы 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар