Ақтөбеде әйелді кепілге алу ісі бойынша күдікті екі айға қамалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеде әйелді кепілге алған күдікті қамалды. Тергеу соты екі айға қамау туралы санкция шығарды.

Ақтөбеде әйелді кепілге алу ісі бойынша күдікті екі ай қамалды
Фото: Pexels

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін күдікті екі айға қамалды. Тергеу соты санкция шығарды.

Ал жәбірленуші әйел ем қабылдауын жалғастырып жатыр.

— Науқас облыстық көпсалалы ауруханада ем алуын жалғастырып жатыр. Жағдайы тұрақты, сауығып келеді. Науқаспен психологтар жұмыс істеп жатыр, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жәбірленуші әйелдің марқұм ата-анасы бүгін жерленді. Олардың денесі өз үйлерінен шығарылды.

Еске салсақ, 13 қаңтар күні түнде Ақтөбеде түнде 75 және 67 жастағы қос қария көз жұмды. Осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Адамды кепілге алу» баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар