Ақтөбеде аймақтық симуляциялық орталық ашылды
Дәрігерлерге арналған оқу орталығы заманауи симуляторлармен жабдықталған. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында 50 млн. теңге бөлініп, қажетті роботтар алынды. Мұның барлығы болашақ мамандарға мол тәжірбие жинауға мүмкіндік береді.
Студенттермен қатар, қызмет жасап жүрген дәрігерлердің өздері де осы жерде іс-тәжірибеден өтетін болады. Олар белгіленген уақыт аралығында қуыршақ-науқасты бастан-аяқ тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсетуден сынақ тапсырады. Манекендер АҚШ пен Ресейден әкелінген. Мұнда акушер ісі және гинекология, хиругрия мен терапия, медбике ісі сыныптары бар. Олардың әрқайсысына өз симуляторы бөлінген. Бұлай оқыту әдісі әлемдік тәжірбиеге әлдеқашан енгізілген. Маманның біліктілігін арттыру үшін қолданылады, деп жазады 24.kz.