Ақтөбеде бала туу көрсешткіші төмендеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бала туу көрсеткіші азайды. Кейбір ауданда 200-ден астам сәби дүниеге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының халық саны 851 мыңнан асты. Олардың 226 мыңнан астамы бала. Жыл өткен сайын өңір халқы ауылды тастап, қалаға шоғырланып жатыр. Қазіргі күні халықтың 63,2 пайызы қалада тұрады.

«2016 жылмен салыстырғанда өткен жылы туу көрсеткіші 6,2 пайызға төмендеді. Өткен жылы 17580 бала өмірге келді. Ал 2016 жылы 18 500 бала дүние есігін ашқан болатын. Ең төмен көрсеткіш Қобда ауданында тіркелді. Бір жылда барлығы 208 сәби дүниеге келді. Осылайша халықтың табиғи өсімі төмендеп отыр. Ал өлім көрсеткіші 4,8 пайызға төмендеді»,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Айта кетейік, Ақтөбеде өлім көрсеткіші бойынша жүрек-қан тамырлары ауруы, өкпе-тыныс алу органдарының патологиясы мен ас қорыту жолдарының ауруы, қатарлі ісік пен жол-көлік оқиғаларындағы қайғылы жағдай алдыңғы қатарда тұр.

Соңғы жаңалықтар