Ақтөбеде балабақшадан дизентериялық таяқшалар анықталып, оның жұмысы тоқтатылды

АҚТӨБЕ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбеде санитарлық дәрігерлер Құлымбетов көшесіндегі балалар бақшасының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істеп келгені үшін соның жетекшісі болып келетін жеке кәсіпкерге айыппұл салды.
None
None

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім басшысы Лаура Каналинаның сөзіне қарағанда, жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында аталған балабақшаның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтіндігі, асханасының, киім ілетін орнының, ұйықтайтын бөлмелерінің, медициналық кабинетінің жоқ екендігі анықталды. Балаларды қабылдауда олардан медициналық анықтама да талап етілмеген. Асханасында осы күнге дейін санитарлық-дезинфекциялық режім сақталмаған, ас бөлмесіндегі ыдыс жуатын орындарда дизентериялық таяқшалар анықталған.

Айыппұл салудан бөлек балабақшаның жұмысын тоқтата тұру туралы шешім шығарылды. Аталған нысанды жабу туралы ауданаралық экономикалық сотқа арыз жіберілді.

Осыған дейін санитарлық дәрігерлердің арызы бойынша әскери қалашықтағы «Гүлден» жекеменшік балабақшасы жабылған болатын. Ол да осы жеке кәсіпкердің меншігіне қараған.

«Балалардың мұндай балабақшаларға баруы қауіпті, санитарлық талаптардың сақталмауы жаппай тамақтан улану мен инфекциялық ауруларға шалдығуға әкеп соғуы мүмкін», - деп санайды Л.Каналина.

Соңғы жаңалықтар