Ақтөбеде «Балақай» балабақшасы ашылды

АҚТӨБЕ. 11 наурыз. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде қала әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен жаңа «Балақай» балабақшасы ашылды.
None
None

«Балақай» балабақшасы - балаларды мектепке дайындау ұйымының жаңа үлгісі. 140 орындық нысан жекеменшік-мемлекеттік серіктестіктің шеңберінде салынып отыр. Ғимараттың бірінші қабатында асхана, кір жуатын жай, медициналық кабинет, изолятор және үш топтың орын-жайы орналасқан. Ал екінші қабатта - ән-күй залы, тағы үш топтың орын-жайы, әкімшілік кабинеттер бар.

Балабақшаның жұмысы балаларды музыкалық-эстетикалық дамытуға бағытталған. Және ол үшін мұнда барлық жағдай жасалған.

Балабақша сондай-ақ домбыра, фортепиано, баян сияқты аспаптарда ойнауды үйрету жөніндегі қосымша қызметтер ұсынады. Оған қоса, «Палитра» бағдарламасы бойынша балаларды сурет салуға үйрету сабақтары да өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар