Ақтөбеде балаларға бұрышты газ шашқан жасөспірім қамалды

Ақтөбеде балалардың бетінен бұрышты газ шашқан жасөспірім шекарада ұсталды
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбеде балаларға газ шашып, белгісіз бағытқа кетіп қалған жасөспірім шекарада ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті балаларға бұрышты газ шашқан жасөспірімді қамауға алу сәтін көрсетті. Видеодан жасөспірімнің № 5 камераға қамалғанын көруге болады. 

- Балаларға газ құтысын қолдану фактісі бойынша ұсталған кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы 11 шағын ауданында орналасқан көпір үстінде екі бала ойнап жүрген. Оған жақын келген бейтаныс жасөспірім бұрышты газ қолданып, балалар айқайлап қаша жөнеледі. Жасөспірім бұл сәтті видеоға түсіріп, кейін ол әлеуметтік желі арқылы кең тарап кетті.

Бұзақылық жасаған жасөспірім Қазақстан мен Ресей шекарасында ұсталып, Ақтөбе қаласындағы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар
telegram