Ақтөбеде баласын 60 мың теңгеге айырбастаған келіншек сотталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде баласын 60 мың теңгеге айырбастаған келіншек Жанна Ақаласова 7 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бүгін айыпталушы Жанна Ақаласоваға қатысты үкім шығарды. Бұған дейін хабарлағанымыздай баласын 60 мың теңгеге айырбастаған айыпталушы кейін өз ісіне өкінген болатын . 

«Айыпталушы Жанна Ақаласова Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмағандардың саудасы» бабы бойынша айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жеке меншігіндегі мүлкі тәркіленсін», - деді судья Нұрлыбек Ормаханов. Ал баланы бауырына басатын адамды тауып беріп, екі арада делдал болған Данагүл Өтешова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья үкім шығарар кезде айыпталушының кішкентай баласы бар екенін ескеріп, жаза өтеу мерзімін 5 жылға кейінге шегерді. Ал ұзақ жыл бойы сәби сүйе алмаған баласы мен келініне баланы алып берген айыпталушы Дина Досақова 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, бұған дейін «Үміт» сәбилер үйінде болған айыпталушы Ақаласованың баласын мемлекет өз қамқоршылығына алды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram