Ақтөбеде балғындардың би фестивалі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Ғажайып балалық» атты балалардың би фестивалі өтті. Облыстық халық шығармашылығы үйі ұйымдастырған шараға барлық аудандардан келген би топтары қатысты, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

Шараның мақсаты - балаларды биге баулу арқылы ұлттық өнерді ұлықтау. Додада 200-ге жуық өрендер өз өнерлерін ортаға салды. Оларға орындаушылық шеберлігі, композициялық құрылымы және әртістік қабілеті мен киім үлгісі бойынша түрлі жүлделер табыс етілді. «Ең үздік би ұжымы», «Ең үздік балалар биі» аталымдары бойынша бірнеше би топтары ерекшеленді.

Сахнада көптеген ұлттардың билері орындалды. Қазақ биінен өзге латынамерикалық, өзбек, татар, башқұрт билерін балалар аса шебер орындап шықты. «Бұл шара бізде бірінші рет өткізіліп жатыр. Шараға 5-15 жас аралығындағы балалар қатысты. Балғындар «Ең үздік би», «Ең үздік киім үлгісі» және «Ең үздік би ұжымы» аталымдары бойынша дипломдармен марапатталды», - дейді облыстық халық шығармашылығы үйінің хореографы Меруерт Қажығалиева.

Соңғы жаңалықтар