Ақтөбеде басы темірге қыстырылып қалған 2 жасар балаға құтқарушылар көмектесті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 2 жасар баланың басы темірге қыстырылып қалып, құтқарушылар көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде басы темірге қыстырылып қалған 2 жасар балаға құтқарушылар көмектесті

Бүгін Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті № 21 өрт сөндіру-құтқару бекетінің құтқарушылары балконның темір тіректерінің арасына басын қыстырып алған екі жасар баланы құтқарды.

«Балконда ойнап жүрген кішкентай бала басын темір тіректің арасына сұғып, оны өз бетінше шығара алмай қалды. Хабарлама Өрт сөндіру қызметінің күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының 112 пультіне сағат 10:45түсті. Ата-анасы да балаға көмектесе алмаған. Оқиға орнына жедел-құтқару тобы, дәрігері мен психолог мамандар арнайы көлікпен шықты. Құтқарушылар ата-анасының қатысуымен гидравликалық жедел құтқару құралын пайдаланып, балкон темір тіректерін кесіп, баланы босатты. Бәрі аман-есен. Ата-анасы мен балаға психологиялық көмек көрсетілді», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.