Ақтөбеде «Бауырсақ Fest» фестивалі өтті

Бауырсақ
Фото: Хайретдин Раушанов

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – «Ынтамақ күні» этномәдени бірлестіктер «Бауырсақ Fest» фестивалін өткізді.

Ақтөбе облысындағы этно-мәдени бірлестік өкілдері бүгін Наурыз мерекесін атап өтті. Олар қазақтың ұлттық киімін киіп, «Бауырсақ Fest» фестивалін ұйымдастырды. 

- Фестивальге қатысқан кезде біз бауырсақтың дәмі мен пішіне көп мән бердік. Бауырсақ – дастархандағы күн іспетті. Сондықтан біздің этномәдени бірлестік киіз үй үлгісінде нан жасап, жан-жағын бауырсақпен сәндеп әкелдік. Сонымен бірге сәукеле үлгісінде де жасалды. Шолокадты бауырсақ та бар. Өзіміз үнемі бауырсақ пісереміз. Бізге бұл тағам ұнайды,- деді «Вяра» болгар этномәдени бірлестіктің мүшесі Ольга Маринова. 

Бауырсақ
Фото: Хайретдин Раушанов

«Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған шараға үлкендермен қатар балалар да қатысты. Олар концерттік бағдарлама ұсынып, түрлі тілде ән шырқады. Барлығы 16 этномәдени бірлестік өкілдері тыңғылықты дайындалып, өнерін ортаға салды. Сонымен бірге ұлттық спортты насихаттап, жарыс өткізді. 

Бауырсақ
Фото: Хайретдин Раушанов

- Біз де бауырсақ пісіреміз. Оны қабартма деп атаймыз. Ал фестивальге қазақы бауырсақты пісіріп әкелдік. Тек пішінін өзерттім. Қазір қалып көп. Соны пайдаланып, гүл дестесін дайындадым. Өте әдемі шықты,- деді «Шатлық» татар-басқұрт этномәдени орталығының өкілі Рахима Мұхамедиярова.

Соңғы жаңалықтар