Ақтөбеде биыл есірткіге тәуелді 8 адам артық дозадан көз жұмды
Ақтөбе облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, артық дозадан көз жұмған адам саны арқан. Қазіргі кезде облыстың наркология диспансері есебінде 1786 адам, оның ішінде 117 әйел тіркеуде тұр. Ал екеуі кәмелет жасқа толмаған бала.
«Биыл ескірткіге қатысты 300-ден астам қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда 34,8% өсті. Оның ішінде 148 қылмыстық іс сотқа жолданды. Тұрғын үйдің қабырғасына 12 жарнама жазылған. Арналарды белгілеуде осы әдіс қолданылып жүр. Осыған байланысты есірткі жарнамасы тексеріліп, анықталды. Қала бойынша қабырғалардан 20-дан астам жазба өшірілді. Мысалы Астана ауданының №1 қалалық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 297-бабы 4-бөлігі және 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Қылмыстық топ құрды деген айыппен 6 күдікті ұсталып, сот үкімімен топтың барлық мүшесіне 16 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.