Ақтөбеде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бес жоба мақұлданды

АҚТӨБЕ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша кәсіпкерлердің 5 жобасы және инженерлік инфрақұрылымды өткізу бойынша екі жоба қарастырылып, мақұлданды.
None
None

5 жобаның 4-уі көлік пен арнайы техниканы, біреуі жабдықты сатып алумен байланысты.

«Сапалы-Ц» ЖШС «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бетон және металл жабындылардың өндірісі бойынша жабдық сатып алуда. Жобаның жалпы құны 49,4 млн. теңгені құрайды, оның 9,6 млн. теңгесі кәсіпорынның жеке қаражаты.

Инфрақұрылым бойынша қолдауға ие болатын екі жобаның қатарында «Көлік технологиялары» ЖШС бар. Ол 43,3 млрд. теңгеге Ақтөбеде рельс арқалық зауыт салуда.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша «Даму» қоры филиалының бас менеджері Берік Нұрғалиевтің сөзіне қарағанда, облыста жыл басынан өңірлік үйлестіру кеңесінде 4,9 млрд. теңгеге 17 жоба мақұлданды, 1,3 млрд. теңгеге субсидиялауға 19 келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар