Ақтөбеде болашақ ұшқыштар оқу-жаттығуын бастады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Талғат Бегелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының 100 курсанты жазғы оқу-жаттығуына кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде болашақ ұшқыштар оқу-жаттығуын бастады

Әскери институт курсанттары аэродромда, сонымен бірге бірнеше бөлімде жаттығу өткізеді.

«Жазда тәжірибе жинау, ұшу өнерін үйрену маңызды. Бұл әр курсант өміріндегі ең жауапты әрі маңызды сәт. Дәл осы кезде олар нағыз ұшқыш екенін сезінеді, біледі», - деді Талғат Бегелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институты бастығының әскери дайындық жөніндегі орынбасары Асқар Ізбасов.

Әскери институт базасындағы барлық техника дайындалып, оқу-жаттығуға әзірленді. Сонымен бірге жеке құрамға жаттығу жұмыстарының мән-маңызы түсіндірілді. Курсанттер мамыр айының соңында басталған оқу-жаттығу жұмысын қыркүйек айының ортасында аяқтайды.