Ақтөбеде болгарлардың музей үйі жұмыс істеп тұр

Ақтөбеде болгарлардың музей үйі
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Алға ауданы Болгарка ауылында музей үй бар. Мұнда бір ғасырдан астам уақыт бұрын мұнда мыңға жуық болгар көшіп келген.

Алға ауданы Сарыхобда ауылдық округіне қарасты Болгарка ауылында қазір түрлі ұлт өкілдері тұрады. Бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын мұнда болгарлар көшіп келіп, егін егу жұмыстарын жүргізген. Үй салып, өз салт-дәстүрлерін ұстанды. Бұл үрдіс бүгінге дейін жалғасып келеді. 

- Біздің ауылдағы мектепте этнографиялық бұрыш болды. Кейін адамдар тарихи құнды жәдігерлерді сақтау, оны белгілі бір жерге қою туралы ұсыныстарды айта бастады. Дәл сол шақта осы үй бос тұрды. Мұны Григорий Пилич салған. Алғашында кішкентай ғана сарай болып, оны кеңейтті. Иелері көшіп кеткенде бос қалып, ешкім сатып ала қоймады. Сол кезде музей үй қылып қайта жасақтау үшін иелерінен рұқсат сұрадық. Себебі мұнда переселендер қазған құдық, іші тастан өрілген жерасты қоймасы болды. Құжаттары рәсімделіп, болгарлардың этномәдени бірлестігіне берілді. Ресми ашылуы 2015 жылы болды. Демеушілердің көмегімен күтімін жасаймыз. Екі жыл бұрын жөндеу жасалды,- деді музей үйін ұйымдастырушы Марина Маринова.

Ақтөбеде болгарлардың музей үйі
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Тарихи деректерге сүйенген музей үйі ұйымдастырушысының айтуынша, болгарлардың 500 жыл бойы Осман империясының құрамында болды. Шамамен ХVIII ғасырдың ортасында бостандық алып, бөлініп шықты. Болгарлар ол кезде Добруджа аумағында тұрып, шекара бөлісі жүрді. Сол аумақтың солтүстіктігі Румыния, оңтүстігі Болгарияда қалды. Сонда халықтың бір бөлігі Молдавия территориясы Бессарабияға екі жыл қоныстанып, Столыпин реформасымен Қазақстан жеріне келеді. 

Ақтөбеде болгарлардың музей үйі
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

- Алдымен пойызбен Орынборға жетіп, бері қарай атпен, арбамен жетті. Олар Сарыхобда өзенінің жағасына тоқтап, осы жерге қоныстанды. Құдық қазып, жерасты қоймасын да тастан өрді. Ол құнды дүниелер әлі де сақтаулы. Қысы қатты болған соң үй салған екен. Болгар тіліне тоқталсақ, шынымен де біз өз тілімізде сөйлей алмаймыз. Болгария республикасын қайта құру реформасы басталысымен тілді сақтап қалу, дамыту реформасы тағы 100 жылға созылды. Себебі Осман империясы құрамында болған соң үйде де, түзде де болгар тілінде сөйлеуге тыйым салынды. Бірінші лингвистикалық сөздік 1976 жылы шығарылды. Ал болгар тілінің дамуы 1944 жылдан басталды. Бұл Советтік энциклопедиясынан алынған дерек. Осыдан-ақ тілді сақтау қиын болғанын түсінуге болады. Біздің халқымыз түрік тілінде жақсы сөйлеген соң қазақ жеріне келгенде бір-бірін түсіну қиынға соқпаған. Жақын маңдағы ауыл халқымен араласып, бірге тату-тәтті тұрды,- деді Марина Маринова.

Ақтөбеде болгарлардың музей үйі
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Қазір музей үйінде сол жылдары қоныстанған адамдар тұтынған дүние бар. Оның бір бөлігін болгарлар өздерімен бірге ала келген. Ішіне дән салып алып келген құмыраны Ольга Бошкова тапсырды. Сонымен бірге кілем тоқитын ағаш құрылғы тұр. Оны болгарлар дюзен деп атайды. Сал бидай жармасын жасауға арналған диірменді кайя деп айтады. Оны мұнда Максим Бошков тапсырған. 

Ақтөбеде болгарлардың музей үйі
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Музей ішінен Бүкілресейлік санақтағы тізімді көруге болады. Бұл 1917 жылы болатын. Музей ұйымдастырушысы Марина Маринова оның көшірмесін сақтап қойған. 

- Архивтегі құжатты осында сақтап қойдық. Келген адамдар қарап, таныса алады. Сонымен бірге алғаш қоныстанған адамдардың фотолары мен олар тұтынған заттарды жинап отырмыз. Мұнда Ресей, еліміздің түкпір-түкпірі мен Болгариядан да адамдар келіп, танысып кетеді. Енді ауылымызды әрі қарай көркейтіп, Мәдениет үйі болғанын қалаймыз. Кітапхана да бар, тек мектеп ішінде таршылық етіп тұр,- деді Марина Маринова.

Ақтөбеде болгарлардың музей үйі
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Болгарлар көшіп келгенде жергілікті тұрғындар өз көмегін аямады. Қажет кезде жол сілтеп, ақыл-кеңесін беріп отырды. 

- Жылы жақтан келген болгарларға қыстан тоңбай шығуды, қой бағуды үйретті. Осы елге келіп, бірлікте, татулықта тұрып жатыр. Ешкім бөліндейді, бірге қуанады, бірге мұңаяды. Ал болгарлар көкөніс екті, үйретті. Бізде үлкен пеште тамақ пісіреді. Тойда бір-бірімізге көмектесеміз. Қазір музей үйінде тұрғанның бәрі бірегей дүние. Бәрі тарихи құнды. Кілем тоқитын құрал-жабдық, құмыра, диірмен сол Болгариядан әкелінген. Әлі де алғашқы қоныстанушылардың фотосын қойып, соғысқа қатысқандарды, көпбалалы аналарды көрсеткіміз келеді. Киімдерді қолдан тіккен болгарлар. Мұнда сақталған орамалға 100 жыл болған.Бәрі-бәрі біздің музейде тұр. Сонымен бірге түрлі шаралардағы фото құжаттарды сақтап отырмыз,- деді Марина Маринова.

Ақтөбеде болгарлардың музей үйі
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform
Ақтөбеде болгарлардың музей үйі
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар