Ақтөбеде бір күн ішінде жол ережесін 12 рет бұзған жүргізуші ұсталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ресейлік такси жүргізушісі 11 айда жол ережесін 250 рет бұзып, 7,7 млн теңге теңге айыппұл арқалаған. 

Ақтөбеде бір күн ішінде жол ережесін 12 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Фото: pixabay.com

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жол ережесін жиі бұзатын жүргізушіні анықтау, ұстау сәтін видеоға түсіріп, таратты. Қарғалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері такси жүргізушісін жол бойында тоқтатқан. Ақтөбе мен Ресейдің Орск қаласы арасында жолаушы тасымалдайтын такси қызметкерінің көлігі тұраққа қойылды.

— Соңғы 11 ай ішінде жол ережесін 250 рет бұзған, тіпті одан да асады. Жинақталған айыппұлдардың жалпы сомасы - 7,7 миллион теңгеден жоғары. Ең өкініштісі - жүргізуші бір күн ішінде 12 рет жол ережесін бұзған. Негізгі құқық бұзушылық – жылдамдықты шамадан тыс асыру. Бұл өз кезегінде жолаушылардың өміріне тікелей қауіп төндіріп отыр. Себебі шетелдік азаматтың Ақтөбе – Орск бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдап жүргені анықталды. Қазір құқық бұзушының автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. Көлігін тек барлық айыппұлды толық өтегеннен кейін ғана қайтара алады, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Павлодарда жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр

Соңғы жаңалықтар