Ақтөбеде далада жүрген екі баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр
Ақтөбе қаласының Заречный ауылында екі бала ата-анасының қарауынсыз қалып, адасып кеткен. Ақтөбе қалалық ІІБ қарасты жедел басқару орталығы іздеу жариялады. "Көпір маңында екі кішкентай баланың панасыз, қараусыз жүргені туралы ақпарат түсті.
Оқиға орнына келген патрульдік полицейлер жастары шамамен 1,5 жəне 2 жастағы екі баланы бөлімшеге жеткізді. Заречный полиция бөлімі мен патрульдік полиция қызметкерлері балалардың өздері мен ата-аналары туралы ақпаратты анықтау үшін жедел іздестіру шараларына кірісті. Іздестіру шаралары кезінде саяжай мен балалар табылған аумақ түгел қаралды. Тұрғындардың ешқайсысы әзірге ол балалардың фотосуреттеріне қарап, кімдер екенін, ата-аналары мен туыстары туралы мәліметтерді білмей отыр. Полицияға балаларым жоғалды деп ешкім шағымданбаған. Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті осы балалардың ата-аналары мен туыстары туралы білетіндер болса мына байланыс телефондарына хабарласуларыңызды сұрайды: 102, 99-69-25, 8707-505-46-20"- деп ақпарат таратты облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Баларлар Ақтөбедегі сәбилер үйіне орналастырылды. Жағдайлары жақсы.