Ақтөбеде дәрі шығаратын цех ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі фармацевтика зауытында жаңа цех іске қосылды. Онда капсула түріндегі дәрі-дәрмек дайындалады, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

2012-ші жылы ашылғын зауыт бұған дейін мия тамыры шәрбаты мен пер-туссин шырынын шығарып келген еді. Жылына 300-400 құты сұйық дәрі ішкі нарыққа шығарылады. Жобаға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы қаржылай қолдау көрсетілген. Енді жаңа цехта дәрінің 4 түрі дайындалады. Өндіріс толық қуатта жұмыс істесе, жылына 3 млн капсула шығара алады.

Халықаралық стандартқа сай өнім дайындайтын желі Үндістаннан әкелінген. Зауытта арнаулы білімі бар 50-ден астам кәсіпқой маман еңбек етеді.

«Біздің басқа зауыттардан ерекшелігіміз дәрі-дәрмек бағасы төмен. Сапа жағынан да бәсекеге төтеп бере аламыз. Әлемдік стандарттарға сәйкес дайындаймыз. Болашақта желіні кеңейтіп, өнім түрін көбейтеміз. Жақында қатты таблетка түріндегі дәрілер шығарылатын болады», - дейді зауыт өкілі Гүлнәр Иманалина.

Соңғы жаңалықтар