Ақтөбеде денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Нұрбол Тымпиев тағайындалды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрбол Тымпиев 1991 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2014 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін, 2018 жылы Чехия Республикасының Халықаралық экономикалық институтын, 2023 жылы Бәйішев Университетін тәмамдаған.
- Еңбек жолын 2014 жылы Қостанай облысының Наурызым аудандық орталық ауруханасының дәрігері болып бастаған. 2015-2018 жылдары Қостанай онкологиялық диспансерінің дәрігері, №1 Ақтөбе қалалық емханасының дәрігері, Ақтөбе облыстық ауруханасының эпидемиолог дәрігері, Отбасылық медицина орталығының эпидемиолог дәрігері болып жұмыс істеген. 2018-2023 жылдары «Асыл-Мед» ЖШС-нің директоры, Қарғалы қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ АОФ сатып алу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.