Ақтөбеде Дөң кен-байыту комбинатындағы оқиғадан соң қылмыстық іс қозғалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — «Болашақ» шахтасындағы оқиғадан соң Хромтау аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.

уголовное дело, қылмыстық іс
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Болашақ» шахтасының кен өндіру блогында от тұтанып, жұмысшылар ауруханада ем қабылдап жатыр. Полиция тергеу жұмысын бастады.

— Хромтау аудандық полиция бөлімі сот алды тергеуді бастады. Қылмыстық кодекстің 277-бабы 1-бөлігі, яғни, «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасындағы кен өндіру блогында электр жабдықтарын монтаждап жатқан үш кезекші электрослесарьді күйік шалды. Екі науқас ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген. Үшінші науқас травматология бөлімінде ем алып жатыр

Еске салсақ, биыл ақпан айында Хромтау ауданындағы дәл осы «Болашақ» шахтасында қысқа мерзімді тұйықталу болып, 4 жұмысшыны күйік шалды. Көп ұзамай бір жұмысшы көз жұмды

Соңғы жаңалықтар