Ақтөбеде дүкен өртеніп, екі адамды күйік шалды

  АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе қаласында бес қабатты үйге жапсарлас салынған дүкен жанып кетті. Екі адам күйіп, ауруханаға түсті. 

Ақтөбеде дүкен өртеніп, екі адамды күйік шалды
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Оқиға Ақтөбе қаласы Астана ауданындағы А.Макаренко көшесінде болды. Бес қабатты үйге жапсарлас салынған дүкеннің шатыры жанды.

— Дүкен шатырындағы ағаштың жанғаны, өрт сөндірушілер барғанша оттегі баллонының жарылғаны туралы айтылды. Өрт сөндірушілер өрт ошағын табу үшін шатырды ашып, 100 шаршы метр болатын алаңды сөндірді. Өрттен зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін «Болашақ» шахтасының кен өндіру блогында қысқа мерзімді тұтану болды. Кейін күйіп қалған жұмысшылардың екеуі санавиация арқылы Астанаға жеткізілді. Біреуі Ақтөбеде ем алып жатыр

Соңғы жаңалықтар