Ақтөбеде екі адамның өлімінен кейін барлық түнгі клуб тексеріледі
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде екі жігітті қинап өлтірген күдіктілердің бәрі ұсталды. Олар қазір тергеу изоляторында отыр. Сонымен бірге қаладағы барлық көңіл көтеру орындары тексерілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласындағы Елек өзенінің жағасында екі адамның денесі табылып, тергеу басталғанын бұған дейін жазған болатынбыз. К үдікке ілінгендердің үшеуі келесі күні елордада ұсталды.
Қазіргі кезде барлығы 13 адам күдікке ілікті.
«Қылмысқа қатысы бар күдіктілер ұсталып, соттың қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды. Барлығы 13 адам қамауда отыр. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Сонымен қатар осы ауыр қылмыс туралы хабарламаған және уақтылы медициналық көмек көрсету шараларын қабылдамаған түнгі клуб директоры ұсталды. Бұл клубтың лиценциясының күшін жою және оны жабу туралы сотқа талап енгізіледі», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Сондай-ақ алдағы уақытта Полиция департаменті барлық көңіл көтеру орнын тексеретін болады. Азаматтардың қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, лицензиясы бар күзет субъектілерінің тартылуын міндеттейді. Ақтөбе қаласында екі кісіні өлтірді деген