Ақтөбеде екі аяғынан айырылған жас жігіттің туыстары іздестірілуде

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 30 жастағы ер адамның туған-туыстары іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде екі аяғынан айырылған жас жігіттің туыстары іздестірілуде

Тимур Бақытовтың Ақтөбенің жедел жәрдем ауруханасында жатқанына екі айдан асты. Ол мұнда қос аяғын үсік шалып түскен.

«1988 жылы туған Тимур Бақытов ауруханаға 2018 жылдың 16 желтоқсанында түсті. Ота жасалып, үсіп кеткен екі аяғы кесілді. Науқас сөйлеспейді, тек аты-жөнін айтады. Таныған, білген адамдардың хабарласып, байланыс жасауын сұраймыз», - деді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бөлім басшысы Дина Тукешева.